«Кощиценің» спорттық директоры Ғалымжан Кенжебек жайлы: біз оның кәсіби шеберлігі мен дамуына ризамыз

07.03.2025, 16:58

«Кошице» клубының спорттық директоры Марек Сапара Ғалымжан Кенжебектің өнеріне тәнті.

«Кощиценің» спорттық директоры Ғалымжан Кенжебек жайлы: біз оның кәсіби шеберлігі мен дамуына ризамыз
Ғалымжан Кенжебек "Кошице" жейдесінде

Словакиялық маман Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы туралы жылы пікір білдіріп, клубының үлкен сенімін жеткізген еді. Айта кетейік, «Қайраттың» түлегі Кипрдің Екінші дивизионынан словакияның «Кошицесіне» ауысқан болатын.    

«Оның кішігірім жарақаты болған, соның кесірінен бүкіл әлеуетін көрсете алмады. Алайда, Кенжебек жаттығуда жанын салып жүр, сондықтан, алаңда тиісті уақытын алатын болады. Біз оның кәсіби шеберлігі мен дамуына ризамыз және алдағы уақытта өзінің әлеуетін толық паш етеді деп сенеміз. Ол мінезі өте жұмсақ тамаша жігіт», - деді М. Сапара.

Ғалымжан Кенжебек Словакия чемпионатында үш матчта өнер көрсетіп, бір ассист жасаған. Бір кездесуге жарақатына байланысты алаңға шыға алған жоқ.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×