Қазақстан премьер-лигасының 26-турында көшбасындағы «Астана» мен «Қайрат» тіпті «Тобыл» мен «Ордабасы» да ұпай жоғалтты.
Алғашқы 7 команданың бірде-біреуі үш ұпай еншілей алмады. Мұндай да болады. «Астана» өз алаңында «Қайсармен» тең тарқасты. Матчта есеп ашылған жоқ. «Ордабасы» мен «Ақтөбе» ойында осылай аяқталды.
Ал «Қайрат» елордалықтардың ұпай жоғалтқанын күтіп жүретін еді. Бұл жолы сол мүмкіндікті өздері де пайдалана алмады. Оралдан келген «Ақжайық» команда Карлос Алос шәкірттерінен басым түсті. Еркебұлан Нұрғалиевтің жалғыз голы матч тағдырын шешті. Қазіргі кезде «Астана» мен «Қайраттың» арасын 4 ұпай бөліп тұр.
«Шахтер» премьер-лигада қалудан әлі де үмітті. Бүгін олар қарқын ала бастаған «Атырауды» ұтты.
Ал «Ертістің» жағдайы өте қиын. Бұл жолы өз алаңында «Қызыл-Жарға» жол берді. Димитар Димитаровтың өзі Павлодар командасына көмектесе алмай жатыр.
Үшінші орыннан басты үміткер «Тобыл» 80-минутқа дейін «Жетісуды» ұтып жатқан. Матчтың негізгі уақытының аяқталуына 10-минут қалғанда өзбекстандық ардагер футболшы Сервер Джепаров таразы басын теңстіріп кетті.
26-тур нәтижелері:
«Тобол» – «Жетісу» – 2:2
Голдар: Степанюк, 21 (0:1), Квеквескири, 32 (1:1). Нұрғалиев, 35 (2:1), Джепаров, 80 (2:2).
«Шахтер» – «Атырау» – 2:1
Голдар: Обшивач, 9 (0:1). Шафф, 39 (1:1). Кояшевич, 84 (2:1).
«Қайрат» – «Ақжайық» – 0:1
Гол: Нұрғалиев, 76 (0:1).
«Астана» – «Қайсар» – 0:0
«Ордабасы» – «Ақтөбе» – 0:0
![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/09/eWKcMxdEdg-378x390.jpg)