Қос чемпионатта ойнаған африкалық футболшы Молдова біріншілігі мен ҚПЛ-дің деңгейін шамалас деді

Бүгін, 12:40

«Қайсардың» бұрынғы қорғаушысы Усмане Н'Диае Молдова мен Қазақстан чемпионаттарын салыстырып, ойын ортаға салған еді. 

Қос чемпионатта ойнаған африкалық футболшы Молдова біріншілігі мен ҚПЛ-дің деңгейін шамалас деді
Усман Ндиайе

Африкалық футболшы Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында  Молдова чемпионаты мен ҚПЛ шамалас екенін тілге тиек етті. 

«Қазақстан чемпионаты әлдеқайда күшті. Дегенмен, Шериф пен Петрокубке ол жақта ойнауға мүмкіндік берілсе ҚПЛ-де алтын үшін күресе алатын қауқары бар. Молдова футболында командалар көп емес, бірақ Шерифтің инфрақұрылымы мықты. Олар академияға, базаға және клубтың дамуына көп ақша салып жатыр», - деді қызылордалық клубтың экс ойыншысы. 

Айта кетейік, «Ордабасы» клубын тізгіндеген Андрей Мартин осы жазда ЧЛ іріктеуінде Молдова чемпионы «Петрокубпен» «Ордабасыдан» басым түскен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×