Кореяның күлуге қауқары жоқ

24.06.2018, 18:09
Кореяның күлуге қауқары жоқ
Оңтүстік Корея, күні кеше Мексика құрама командасымен кездесіп, 1-2 есебімен ұтылып қалды.  Сон Хын Мин бастаған жігіттер намысқа тырысып, айылын жимай қанша шабуылдағанымен қарсыластың қақпасына, тек бір гол ғана дарыта білді. Жанарына жас толған талантты футболшы қолдан келгенді аянбады. Бірақ, сәттілік қарсыластар жақта болса, оған ешкімнің қарсылығы  жоқ. Оңтүстік Кореялықтар бұл мундиальда 2 кездесудің екеуінде де жеңіліс тапты. Барлық әлем тамсана күтіп , әр төрт жыл сайын өтетін доп додасына қатысудың өзі, Азиялықтар үшін бақыт емес пе? Ендеше келесі әлем чемпионаттарында да оларға сәттілік жолдас болсын дейміз. Енді олар 27-маусым күні Германияға қарсы кездесі өткізеді. Оңтүстік Кореяның, 2-кездесуіндегі нәтижелері: Швеция 1-0 Оңт Корея (Гранквист 4-минут) жеңіліс   Мексика  2-1 Оңт Корея (Вела 26-минут,1-0), (Чичарито 66-минут,2-0),(Сон Хын Мин 90 +5-минут, 2-1) Дайындаған Әлішер Хабидолла
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×