Копа Америка 2019 шымылдығын түрді

15.06.2019, 22:42
Копа Америка 2019 шымылдығын түрді
Копа Америка-2019 басталды Бразилияда Копа Америка 2019 турнирі басталды. Бразилия мен Боливия  арасындағы ойын жарыс шымылдығын салтанатты түрде ашып берді. Алаң қожайындары жарысқа тыңғылықты дайындалғаны тек ойындарынан ғана емес, кездесуге киіп шыққан жейделерінен де көрінді. Бразилия осы турнирге арнайылап ақ ретро жейде тіктірген екен. Бразилия - Боливия: лучшие моменты матча-открытия Кубка Америки 2019 (Фото) 1919 жылы 100 жыл бұрын тура осындай жейдемен Бразилия Копа Америка-1919 турнирінің финалында Уругвай ұлттық құрамасына қарсы ойнаған екен. Сол ойын есебі 1:0 есебімен "селесаоның" пайдасына шешілген. Командалар 90 минут бойы өзара мықтыны анықтай алмай, 15 минуттан қосымша 4 тайм ойнаған. Ал, ойынның жалғыз әрі жеңісті голы матчтың 122-минутында соғылған. Бразилия соңғы рет ақ жейдемен 1950 жылы өздері қабылдаған Әлем Чемпионатында ойнаған.  Жанкүйерлер ойыншылардан жеңіс күткенімен сол турнирдің тұғырынан көріну Уругвай командасына бұйырған екен. Сол жеңілістен кейін, ақ жейдені сәтсіздік әкелетін түс деп, бразилиялықтар жаңа сары-көк түсті жейдені ойлап тапқан. Және, сол жейдемен 5 мәрте Әлем чемпионы атанды. Картинки по запросу чемпион мира бразилия Бүгін, Бразилия Боливия командасын қабылдап, жаттығу жиынын өткізді десек болады. Қонақтар 2 тайм бойына да өз алаңынан шықпады. Бірақ, қожайындар қанша шабуылдаса да есеп бірінші таймда ашылмады. Осы маусымын сәтсіз өткізген Коутиньо VAR көмегімен қойылған пенальтиден ойын есебін ашты. Бразилия - Боливия: лучшие моменты матча-открытия Кубка Америки 2019 (Фото) Үш минут уақыт өткеннен кейін Коутиньо допты қақпаға баспен ұрып, таблоға өз есімін қайта жазды. Бразилия - Боливия: лучшие моменты матча-открытия Кубка Америки 2019 (Фото) Ойын нүктесін 23 жасар Гремио ойыншысы Эвертон қойды. Қапталдан айып алаңына ойыса келе, алыстан бағыттаған соққысы Боливия қақпашысына мүмкіндік қалдырмады. Бразилия 3:0 Боливия матчында есебі тіркелді. Бразилия - Боливия: лучшие моменты матча-открытия Кубка Америки 2019 (Фото) Ертең, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 01:00-де Копа Америка 2019 турнирі Венесуэла мен Перу құрама командалары арасындағы ойынмен жалғасады. Ал, сағат 04:00-де Аргентина мен Колумбия бақ сынасатын болады.   Мақала авторы: Равиль Ашығалиев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×