![КОНМЕБОЛ Мессиге қатысты шешім шығарды](/build/images/default-image.jpg)
Естеріңізге сала кетейік, Бразилияда өткен Copa America-ның үшінші орын матчында Аргентина мен Чили құрамалары кездесіп, "альбасетенің" 2:1 жеңісімен аяқталған. Матчтың 1-таймында Лионель Месси мен Гари Медель қақтығысып екеуі де алаңнан қуылған еді.
Осы оқиғаға байланысты Оңтүстік Американың футбол конфедерациясы Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессиге қатысты шешімін жариялады. Ұйым жаза ретінде шабуылшыны ұлттық құрама жейдесінде 1 ойыннан шеттен, 1345 еуро айыппұл төлетпек. Шешім қайта қаралмайды және ешқандай өзгертуге келмейді.
Айта кетейік, бұл тек қызыл қағазға қатысты ғана қолданылып отырған шара. Одан бөлек, Лео жартылай финалда Бразилиядан ұтылып қалған соң КОНМЕБОЛ-ды сыбайлас-жемқорлыққа жол берді деп айыптаған-ды. Кейін артында ресми кешірем сұраған болатын. Бұл жайтқа қатысты ұйым әлі ешқандай мәлімдеме жасауға асығар емес
Шамкен Байырбек.
Біздің серіктес: FONBET