"Ливерпулдің" бас бапкері Юрген Клопп Мохаммед Салахтың командадан кетуі мүмкін деген қауесеттерге өз пікірін білдірді. Бұған дейін, мысырлық ойыншы AS басылымына берген сұхбатында "Реал" мен "Барсаға" ауысуға қарсы емес екенін білдірді, алайда оның болашағы клубтың қолында екенін де тілге тиек етті.
"Біздің келісім-шарттар жайлы сөз қозғамайтынымызды жақсы білесіздер. Қазіргі уақытта Моның көңіл-күйі керемет және нағыз бабында, бұл ең бастысы. Сіздер оның қаншалықты жиі күлетінін көрсеңіздер. Сондықтан қаншама қаңқу сөздер жазылса да, бұған ешбір дәлел жоқ",- деп сөзін қайырды Клопп бапкер. (Sky Sport)
Біздің серіктес: FONBET