Клопп - "Ливерпульмен" сəтсіздіктер сериясында нүкте қойды

02.06.2019, 12:10
Клопп - "Ливерпульмен" сəтсіздіктер сериясында нүкте қойды
"Ливерпуль" - "Тоттенхэм" 2:0. Гол авторлары: М. Салах, 2 мин (пенанльтиден), Д. Ориги, 87 мин. "Ванда Метрополитано". 52 212 жанкүйер. Бас төреші:  Дамир Скомина. "Ливерпуль" үшін ойын өзі күтпеген жерден жағымды басталды. Небəрі 1 минутта доп Мұса Сиссоконың қолына тиген соң белгіленген пенальтиді Мұхаммед Салах қақпаға тоғытты. Осыдан соң "Тоттенхэм" тайм соңына дейін шабуылдаумен болды. Бірақ нəтиже берген жоқ. "Ливерпуль" ойыншылары да қарап қалмай қауіпті сəттерді жиі ұйымдастырып тұрды. Екінші бөлікте Почеттино шəкірттерінің шабуылы ширай түсті. Егер Алиссон болмағанда Ливер кемі екі гол жіберіп тынар ма еді?! Эриксен шиіре тепкен допты алып шықса, Моура мен Сон Хын Миннің тепкендерін қиналмай тосты. Матчтың нүктесін 87 минутта тыңнан қосылған Дивок Ориги қойды. Бұрыштама добынан кейін Тоттенхэм қорғаушыларының қателігін тиімді пайдаланған ол допты алыс бұрышқа қадап тепті. Льорис еш қауқар таныта алмады. "Ливерпуль" қатарынан екінші финалында ғана Чемпиондар лигасын жеңп алды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Клопп шəкірттері "Реалдан" 3:1 болып оңбай ұтылған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×