"Лестер" футбол клубының бас бапкері Клод Пюэль, "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойыннан кейін өз пікірін білдірді.
![](https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=ef89ef1f811c3f00bd1d26853ea5b652-l&n=13)
-"Лестер" бұл ойында жеңіліске лайық болмады. Біз осы ойында өте жақсы ойын мәнерін көрсеттік.
1-таймда жылдам гол өткізіп алғасын, қорғанысты да қатар алып жүру бізге қиын болды.
Ал, 2-таймда бар күшімізді салып ойнағанымызбен, қарсыласты шалып жығу қолымыздан келмеді. Бұл ойынның нәтижесі жаман болғанымен, көрсеткен футболымыз өте сапалы болды.
Дайындаған Әлішер Хабидолла