Кирилл Кекер: «Ойыншылардың көзінен сенімділік пен жеңіске деген ұмтылысты байқадым»

14.07.2021, 19:41
Матч бүгін Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Кирилл Кекер: «Ойыншылардың көзінен сенімділік пен жеңіске деген ұмтылысты байқадым»

"Қайрат" бас бапкерінің міндетін атқарушы Кирилл Кекер Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі "Маккаби Хайфаға" қарсы өтетін жауапты матч туралы пікірімен бөлісті:

- Біздің мақсатымыз - келесі кезеңге өту. Біз матчқа дайынбыз және өз қабілеттерімізге сенімдіміз. "Маккаби" - жақсы команда, біз оларды құрметтейміз, бірақ қорықпаймыз.

Бірінші ойыннан кейін біз нәтижеге қанағаттанбадық. Біз жаттығу аптасын жақсы өткіздік, мен ойыншылардың көзінен сенімділік пен жеңіске деген ұмтылысты байқадым.

- Жоао Пауломен келісім-шартқа отырғаннан кейін, "Қайрат" шабуыл шебін одан сайын күшейте түсті. Барлығының көңілі толатындай етіп шабуылшыларға ойын уақытын қалай бөлесіз?

- Жаңадан ойыншыларды тарту арқылы біз әр позицияда бәсекелестік тудыруға тырыстық. Бізде таңдау мүмкіндігінің пайда болуы команданы тек мықты етеді. Ойыншылардың әрқайсысы ойын уақытына лайық, бірақ көп нәрсе өздеріне байланысты болады.

- Сәрсенбіде жаңбыр жауады деп күтілуде. Кезінде бұл "Қайратқа" ыңғайлы ауа-райы деп саналған, бірақ соңғы жылдары мұның маңызды матчтарда командаға кедергі жасау ықтималдығы жоғары болды. Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Негізгі құрамды таңдау барысында ауа-райына көңіл бөлесіз бе?

- Құрамды таңдау ауа-райына байланысты емес. Футбол кез-келген ауа-райында ойналады және ең мықты команданы анықтауға 90 минут беріледі.

- 10 000-нан астам көрермен келеді деп күтілуде. Дәл осы ойында команда үшін жанкүйерлердің қолдауы қаншалықты маңызды?

- Біз жанкүйерлермен ойнау мүмкіндігінің туындағанына өте қуаныштымыз. Сырт алаңдағы ойында бізді қолдағаны үшін оларға рахмет (Израиль, Талдықорған). Стадионға келіңіз, керемет атмосфера жасаңыз, командаға қолдау көрсетіңіз! Бізге сіздің эмоцияларыңыз бен оң энергияларыңыз қажет, бұл біздің командаға қосымша мотивация береді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×