Кімге сенеміз? «Қайрат» украиналық шабуылшымен ешқандай келіссөз жүргізбеген

Бүгін, 16:55

Луганск қаласының «Заря» клубының шабуылшысы Филипп Будковский Sport.ua басылымына берген сұхбатында өзіне «Қайраттың» қызығушылық танытқанын мәлімдеген болатын.

Кімге сенеміз? «Қайрат» украиналық шабуылшымен ешқандай келіссөз жүргізбеген
Филипп Будковский

«Қайрат» клубының тарапынан қызығушылық болды, олар хабарласқан, алайда келіссөздер әрі қарай жылжыған жоқ. Әрине, Чемпиондар лигасына қатысу қызық қой. Бірақ қазір «Зарямен» басқа жоспарымыз бар. Біз де еурокубоктарға қатысуға тырысып көреміз. «Қайрат» ақша ұсынды, бірақ «Заря» бас тартты. Нақты сомасын айта алмаймын. Бір білетінім, дәл қазір «Заря» мені ешқайда жібермейді», - деген еді футболшы.

Біраз БАҚ украиналық ойыншының жазбасын жарыса жариялаған. Алайда...

«Қайраттың» директоры Асқар Есімов ЖаркOFF телеграм-арнасына берген сұхбатында Будковскийдің сөздерін жоққа шығарды: 

«Филипп Будковский деген футболшыға «Қайрат» ешқашан қызығушылық танытқан емес деп сеніммен айта аламын. Шыны керек, біз ондай ойыншының барын сұхбаты шыққан соң барып білдік». 

 

Айтып өтейік, ҚПЛ-дің бірінші турындағы «Астанаға» қарсы матчта «Қайраттың» сұрмергені Элдер Сантана ауыр жарақат алған болатын. Белгілі болғандай, алматылық команданың шабуылшысы жазға дейін қатарға қосыла алмайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×