Хусанов. ЧЛ-ның плей-оф кезеңінде тұңғыш рет өзбекстандық ойыншы өнер көрсетуі мүмкін

19.02.2025, 10:11

Бүгін Чемпиондар Лигасының 1/16 финалдық кезеңінің қарымта кездесуінде «Реал» Мадрид пен «Манчестер Сити» командалары жолығады.

Хусанов. ЧЛ-ның плей-оф кезеңінде тұңғыш рет өзбекстандық ойыншы өнер көрсетуі мүмкін
Абдукадир Хусанов "Манчестер Сити" жейдесінде

«Қалалықтардың» бас бапкері Хосеп Гвардиола жауапты ойын алдында үміт артқан 22 ойыншысының тізімін жариялады, арасында Абдукадир Хусанов та бар.

«Реал» Мадридке қарсы ойындағы «Манчестер Сити» футболшыларының тізімі:

Эдерсон, Ортега, Карсон, Стоунс, Диаш, Аке, Гвардиол, Хусанов, Льюис, Макэйти, Ковачич, Де Брейне, Гюндоган, Гонсалес, Бернарду Силва, Нунес, Мармуш, Грилиш, Доку, Савиньо, Фоден, Холанд.

Хосеп Гвардиола өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусановтың АПЛ-дің өткен турындағы «Ньюкаслға» қарсы өткен матчтағы өнеріне қатысты былай деген болатын:

«Хусановты біз жылдамдығы үшін сатып алдық. Ол өте тез ойнайтын футболшы. Алайда Абдукодир допқа талас кезінде шамасы жетпесе, тым қатты агрессияға беріледі. Әлі де Англияға бейімделуі тиіс. Бұл уақыттың еншісіндегі жағдай. Барлығын үйренетін болады». 

Айта кетейік «Реал» Мадрид пен «Манчестер Ситидің» бірінші бәсекесінде испаниялық клуб 3:2-мен жеңіске жеткен.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×