Хави Эрнандес: мен «Барселонада» бапкер болғанда бірнеше қателік жібергенімді мойындаймын

11.03.2025, 11:57

Хави тілшілерге берген сұхбатында Серхио Бускетсті жіберіп алуын -  «Барселона» тізгініндегі ең үлкен қателігі деді. 

Хави Эрнандес: мен «Барселонада» бапкер болғанда бірнеше қателік жібергенімді мойындаймын
Хави Эрнандес

Испаниялық маманның айтуынша, Бускетс команданың ойын стилінің негізі саналған. Ол кеткеннен кейін командаға жаңа тактикалық үлгі жасау керек болған, алайда, мұны жасайтын ойыншы болмаған көрінеді. 

«Мен бапкер болған кезде бірнеше қателік жібергенімді мойындаймын. Бускетстің кеткен соң бізге команданың ойын стилін өзгертуге тура келді. Мен ортада шабуылдаушы үш ойыншымен ойнағанды ​​жөн көремін. Бірақ ол нәтиже бермеді», - деді Хави.

Хави Эрнандестің жетекшілігімен Барселона 2022/23 маусымында Ла Лига чемпионы атанған болатын. Алайда, клубта жалпы құлдырау орын алып, испаниялық бапкер өз еркімен отставкаға кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×