Әділет Бәрменқұлов «Forbes.kz» журналына берген сұқбатында ҚФФ басшылығына келген соң алдынан кес-кестеп шыққан басты кедергілер туралы айтты.
«Біздің алдымыздан шыққан басты мәселе – жанкүйерлердің отандық футболдан көңілінің қалу болды. Білікті мамандардың тапшылығынан футбол бағдарламасының жүзеге асу деңгейінің төмендігі де байқалған. Оның айтуынша, футбол менеджментіндегі кәсіби мамандардардың жетіспеушілігі жалпы отандық футболдың дамуын едәуір кешеуілдеткен еді. «Егер футболға деген қарым-қатынасты өзгерткіміз келсе, онда өзімізден – футболға жауап беретін федерация мен мекемелерден бастау керектігін түсіндік», - дегенді де қоса кеткен еді Ә. Бәрменқұлов.
«Бұған жауап ретінде «біздің жанкүйерлердің футболға махаббатын оятып, олардың эмоционалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды, осыған сәйкес түзу ниетті аудитория құру» мақсаты қойылды. Бұл үшін жүйелі өзгерістер енгізіліп, футбол саласының менеджерлері мен мамандарын даярлауға басымдық берілді», - деді ҚФФ басшысы. Сондай-ақ, қойылған мақсаттарға жету жолында инфрақұрылымды дамыту мен кадрлардың біліктілігін көтерудің де маңыздылығын баса айтты.
«Біздің басымдықтар – инфрақұрылымды дамыту, мамандар даярлау мен басқару стандарттарын енгізу» - деп Ә. Назарбайұлы өзінің ойын түйіндей кеткен. ҚФФ президенті бұл бастамалардың өз нәтижесін беріп жатқанына да тоқталды: «Біздің енгізген өзгерістеріміз қазірдің өзінде нәтижесін беруде: өрендерге толы балалар футбол орталықтары, жанкүйерлердің кәсіби футболға деген қызығушылығының артуы мен футбол менеджеріне оқимын деушілер санының өсуі», - деген болатын Әділет Бәрменқұлов.
Дереккөз: https://forbes.kz/articles/barmenkulov-o-futbolnoy-biznes-industrii-nuzhna-polnotsennaya-infrastruktura-9ebfc5
Біздің серіктес: FONBET