Келесі аялдама-Финляндия

05.08.2021, 21:37
Үшінші раундтағы қарсыламызға бір шолу. Әлсіз және мықты жақтары.
Келесі аялдама-Финляндия

«Астана» футбол клубы еврокубоктік тарихында финляндиялық клубтармен жолы тағы тоғысты. Сонау 2015 жылы «Хик» командасын 4-3 есебімен жеңген елордалық клуб араға 6 жыл салып, ендігі басқа финляндиялық ұжыммен күш сынаспақ.

5 тамызға жоспарланған бұл ойын, Хельсинкийлік «КуПС» футбол клубына қарсы болмақ. «КуПС» жайлы жалпы не білеміз?. 1923 жылы құрылған бұл клуб Вейккауслиганың 6 дүркін чемпионы, өз елінің біріншілігіндегі Suomen Cup кубогін 3 рет жеңіп алған, «Хик» тен кейінгі финляндиядағы екінші мықты дәрежелі клуб. Европа турнирлеріне де жиі қатысып тұрады. Бірақта көбінде 2 іріктеу кезеңінен ары аса алмаған. Алайда биыл жеңіске деген жігердің самал лебі есті ме, украиндық «Ворскламен» өткен Конференция Лигасының 2 іріктеу кезенің ойынында, нағыз жеңімпаздың ойынын көрсетті. Осылайша алғаш рет тарихында үшінші кезеңге жолдама алды. Ойының зерделей келе өте дөрекі ойнайтын команда екенін байқадық. Өткізген төрт матчында 12 сары қағазбен жазаланыпты, бұл іріктеу кезеніңдегі басқа ұжымдарға қарағанда жоғарғы көрсеткіш. Қорғанысы әлсіз, дәлірек айтқанда қақпашы позициясы. Негізгі құрамдағы бірінші нөмірлі қақпашының жарақат алуына байланысты, тәжірибесі аз екінші қақпашы қазір негізгі құрамда өнер көрсетуде. 4 ойында 9 гол жіберіп алған Йоханнес Крейдльдің бұл статистикасы көңіл көншітер емес. Амал нешік басқа қақпашысы жоқтығынан «КуПС» осындай тәуекелге баруға ниетті. «Астана» командасының сұр мергені Марин Томасов жарақаты жазылып алдағы ойында негізгі құрамдағы орнын тапса, онда финн қақпашысы Йоханнес Крейдльді әбден әбігерге салатыны анық. «КуПС» тактикалық тұрғыдан алыс пастарға, қақпаға алыстан соққы жасауға иек артады екен. «Ворскла», « Ноа» командаларымен өткізген жеңісті кездесулерінде бұл анық байқалды. Футбол сарапшылары алдағы болатын матчта, «Астана» командасы сөзсіз фаворит болады деп санап отыр. Бірақта жеңіс қалтада деп, бөрікімізді аспанға атудың әзірге қажеті шамалы. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×