Қазақстандық клубартарды ренжіткен ұжымдар өз еурокубоктік ойындарын ойнады

Молдавиялық “Петрокуб”, словакиялық “Ружемберок” және босниялық “Сараево” клубтары еурокубоктік қарсыластарына қарсы кезекті матчын өткізді.  

Қазақстандық клубартарды ренжіткен ұжымдар өз еурокубоктік ойындарын ойнады

АПОЭЛ (Никосия, Кипр) – «Петрокуб» (Хынчешты, Молдова) – 1:0

Гол: Маркиньос 38’ (пенальти)

КЛ екінші іріктеу кезеңінде Петрокуб кипрлік АПОЭЛден айласын асыра алмады. Қос ұжым арасындағы қарымта ойын 30 тамызға жоспарланған. Еске салсақ, Петрокуб іріктеудің бірінші кезеңінде шымкенттік “Ордабасыдан” басым түскен болатын (0:0, 1:0).

«Ружомберок» (Ружомберок, Словакия) – «Трабзонспор» (Трабзон, Түркия) – 0:2

Гол: Трезеге 39’, Джихан Чанак 90+1’

Еуропа Лигасында “Тобылды” қос ойын қорытындысы бойынша 5:3 есебімен сенімді жеңген “Ружемберок” қарымды қарсыласқа жолықты. Нәтижесінде өз алаңындағы матчта Трабзон ұжымына есе жіберді.

«Сараево» (Сараево, Босния және Герцеговина) – «Спартак» (Трнава, Словакия) – 0:0

“Сараево” - “Спартак” Трнава матчында таблодағы есеп ойын басталғаннан соңына дейін 0:0 дегенді сақтап қалды. Ендігі бар мәселе 1 тамыз күнгі кездесуде шешіледі. Еске салсақ, “Сараево” Еурокубокте “Ақтөбені” бірінші кезеңде ұшырып жіберген болатын. Қос команданың жеңімпазы тартысқа толы кездесуден кейінгі пенальти бәсекесі арқылы анықталған еді (1:0, 2:3, пен: 4:3. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×