Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ә.Әлиев: С.Кореяға қарсы жастарымыз жаман ойнаған жоқ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Солтүстік Кореямен өткен жолдастық кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді. Әли Ханалиұлы матч туралы ғана емес наурыз айындағы ресми ойындарға дейін алға қойған мақсат-жоспарымен бөлісіпті.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ә.Әлиев: С.Кореяға қарсы жастарымыз жаман ойнаған жоқ

"Бүгінгі жолдастық кездесу туралы айтсам ұлттық құрамаға үміткерлердің аяқ алысын көрдік. Ескеру керек, Солтүстік Корея 40 күннен бері Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Әлем біріншілігінің іріктеуіне тыңғылықты дайындық жүргізуде. Ал біздің жоспар жас футболшыларды шақырып, оларға мүмкіндік беру. Жалпы кездесу өте тартысты өтті. Жігіттер кореялықтарға қарсы тегеурінді тойтарыс беріп, жаман ойнаған жоқ. Болмашы жерден қателесіп, екі гол жіберіп алдық. БІрақ, алаңда жастарымыз барын салды. Бапкерлер құрамы ойынға анализ жүргізіп, өзін жақсы жағынан көрсеткендерін алдағы уақытта да назарда ұстаймыз. Ал мақсат-жоспарымыз наурыз айында болатын ресми ойындарға еліміздегі ең мықты ойыншыларды негізгі құрамаға жинау. Ол ойындарға шақырту алатын футболшыларымызға осы бастан тактикалық, физикалық нұсқамалар беріп жатырмыз. Әзірге, мені Бахтиер Зайнутдиновтың жарақаты, Нұрәлі Әліп пен Рамазан Оразовтың өз клубтарында сирек ойнайтыны алаңдатады. Жалпы мұндай мәселе ішкі біріншілікте де бар. Астананың сапындағы жігіттеріміз көбіне қосалқы құрамда қалады. Олар көбірек ойнаса дейміз. Өйткені, ең басты талабымыз ұлттық құрамаға ойыншылар физикалық тұрғыда дайын келуі керек. Іріктеу кезеңіндегі азулы қарсыластарға психологиялық тұрғыда да жігіттерді дайындауымыз керек. Сондықтан, алда әлі атқаратын жұмыс көп",-деді Әли Әлиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×