Қазақстан мен Норвегия Алматыда кездесу өткізетін болды

25.06.2024, 13:48

Күзде Қазақстан Ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасы аясындағы жорығын бастайды.

Қазақстан мен Норвегия Алматыда кездесу өткізетін болды
Қазақстан құрамасы

Осы турнирдегі Қазақстан - Норвегия ойыны Алматының "Орталық алаңында" өтетін болды. Бұған басты себеп - "Астана-Арена" алаңында V Халықаралық көшпенділер ойынының ашылу салтанаты өтеді. Осыған байланысты Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасындағы бәсекесі Астанада өтпейтін болды. Айта кетейік, Станислав Черчесов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 6-қыркүйекте Норвегияны қабылдайды, ал 9-шы қыркүйекте Словения командасымен сырт алаңда жолығады. В Лигасында сондай-ақ біздің құрама Аустрияға қарсы кездесу өткізетін болады. Қазақстандық футболшылар топтағы соңғы ойынын 17-ші қарашада Норвегиямен өткізбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×