
Қазақстан құрамасы мен «Оқжетпестің» жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Sportnews.kz-ке берген сұқбатында ұлттық команданың экс-бапкері Станислав Черчесов туралы пікірін айтты.
«Ол - «Еркіндік, жауапкершілік, нәтиже. Қысылмаңдар, еркін ойнаңдар. Қателестің бе, ештеңе етпейді, қайта күресіп, ары қарай тәуекел жаса», дейтін. Ойындарды талдау барысында алаң ортасы арқылы қимылдай алатынымызды түсіндік, бізде соған сай сапа да болған. Меніңше, ойынның сапасы тұрғысында ілгері басқан секілдіміз, төрт қорғаушы жүйесіне көшіп, сенімді бола түстік. Оның жігерлі сөздерінен сенімім артып, Әлем чемпионатына шыға аласыңдар дегеніне иланып едім», - деді Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы.
Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстаған. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинаған болатын. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Біздің серіктес: FONBET