Қазақстан құрамасының футболшысы «Жетісуда»

Бүгін, 13:13

Бізге келіп жеткен ақпаратқа сай, Тимур Рудосельский келесі маусымды талдықорғанның «Жетісуында» өткізетін болды.

Қазақстан құрамасының футболшысы «Жетісуда»
Тимур Рудосельский

Орталық қорғаушы осыған дейін Армения біріншілігінде бақ сынаған - былтырдың тамызынан «Вест Армения» ұжымының намысын қорғап келді. Содан бері армениялық команданың сапында 10 ойында алаңнан бой көрсетіп, 5 сары қағазбен жазаланған. 30-жастағы ойыншының мансабында арменияның «Лори», «Нораванк», «Алашкерт», «Севан», израильдің «Хапоэль» Петах-Тиквасы мен отандық «Тұран», «Ақтөбе», «Оқжетпес» және «Екібастұз» командалары болды. Сондай-ақ, Т. Рудосельский Қазақстан жастар құрамасының жейдесінде 17 матчта доп тепті. 

Transfermarkt.com порталының мәліметіне сенсек, қазақстандық қорғаушының бағасы 150 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×