![Қазақстан құрамасының бас бапкері: меніңше, Дастан өзбекстандық Абдукодир Хусановтан әлдеқайда мықты](https://aladop.kz./cache/imagine/1200/uploads/post_items/2025/02/06/67a4802e73e75521522075.jpg)
Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев өзінің алғашқы баспасөз-мәслихатына қатысты.
Су жаңа жаттықтырушы жиында тілшілердің сауалдарына жауап беріп, құраманы шыңдау турасындағы ой-пікірін ортаға салған. Сондай-ақ, Әли Ханәлиұлы жас талант Дастан Сәтпаев пен өзбек футболындағы жарық жұлдыз Абукадир Хусановты салыстырған еді.
«Меніңше, Дастан өзбекстандық Абдукодир Хусановтан әлдеқайда мықты. Егер футболға деген қарым-қатынасы түзу болса, оның болашағы зор. Дастанның генетикасы қандай екенін көрсеңіздер болады. Ол нағыз атлет. Еуропалық стандарт бойынша даму мүмкіндігі берілсе, алар асуы әлі де алда деп ойлаймын. Бүгінгі таңда «Реал Мадридте» Арда Гюлер мен бразилиялық Эндрик бар. Дастан қазақстандық болған соң, көп ешкім назар аудар қойған жоқ. Десе де, оның халықаралық аренада өзін дәлелдеуге мүмкіндігі жеткілікті», - деген болатын Ә. Әлиев.
Еске салсақ, Дастан Сәтпаев жуырда «Челсиге» ауысқан болатын. Лондондық клуб қазақстандық ойыншыны «Қайраттан» сатып алды. Жартылай қорғаушы 2026-жылға дейін алматылық клубта қала бермек. 18-ге толғанда англияның топ-клубының қатарын толықтырмақ.
Біздің серіктес: FONBET