Қазақстан құрамасының ардагері: Ресейдің екінші лигасының өзі Қазақстанның топ-лигасынан басым

27.02.2025, 15:24

Қазақстан құрамасы мен қазанның «Рубин» командасының бұрынғы футболшысы Алексей Попов РПЛ клубтарының қазақстандықтардан неге бас тартып отырғанын айтты.

Қазақстан құрамасының ардагері: Ресейдің екінші лигасының өзі Қазақстанның топ-лигасынан басым
Максим Самородов

«Ресейліктердің ақшасы көп, сол үшін оңтүстік америкалық футболшыларды алуға дайын. Ал Қазақстан оларға тым арзан әрі машақаты көп (қазақтарды қайта үйретуге тура келеді). Қазақстанның Лигасы осал, сондықтан ондағы ойыншылардың даму деңгейі де әлсіз келеді. Оқу-жаттығу жиындары көрсеткендей тіпті Ресейдің екінші лигасының өзі Қазақстанның топ-лигасынан басым. Бұл жағдай өте өкінішті», - деді қазақстандық ардагер. 

Айта кетейік, «РПЛ»-де дәл қазір екі отандасымыз өнео көрсетеді - қорғаушы Нұралы Әліп «Зенит» және жартылай қорғаушы Максим Самородов «Ахмат». 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×