Былтыр «Тараз» футбол клубында ойнаған Еркебұлан Тойбеков алдағы маусымды Ақтаудың «Каспиінде» өткізеді. 22 жасар шабуылшы маңғыстаулық команданың алғашқы оқу-жаттығу жиынына қосылды.
Жамбыл футбол мектебінің түлегі былтыр Бірінші лигада небәрі 4 матч өткізген. Сол төрт ойынның бірінде алаңнан құр кетпей, бір нәтижелі пас шығарып көзге түскен екен. Алдағы маусымда ҚПЛ-ға шығу міндетін қойып отырған «Каспийді» тараздық бапкер Руслан Эсатов жаттықтыратынын бұған дейін хабарлаған едік. Енді міне, жамбылдық маман өзінің туған жері, таланттар өсірумен айналысатын «Тараздан» жас ойыншыларды біртіндеп батысқа қарай тартып жатыр.
Біздің серіктес: FONBET