КАРЛОС АЛОС: Өз алаңымыздағы нәтиже маңызды

26.07.2018, 14:44
КАРЛОС АЛОС: Өз алаңымыздағы нәтиже маңызды
«Қайрат» футбол клубының Еуропа Лигасы екінші іріктеу кезеңінің голландиялық «Аз Алкмаар» клубына қарсы ойын алдында алматылықтардың бас бапкері журналистердің сұрақтарына жауап берген болатын. Назарларыңызға басты тұстарын ұсынамыз. Шымкенттегі жеңіліс туралы «Меніңше, бұл екі түрлі турнир. Бүгін бізге Еуропа Лигасы келді. Біз АЗ Алкмаармен болатын ойын туралы ойлау керекпіз». Орталық қорғаушылары туралы «Соңғы кездері бұл позициада қиындықтар бар. Полетаевич пен Электі қарастырып көреміз. Себебі, Әліп бұл ойынға дайын емес. Шешім соңғы жаттығудан кейін шығады.» Қарсылас туралы «Голландия чемпионатының мықты командаларының бірі. Біріншіліктерінде мықты командаларға қарсы ойнап, деңгейлерінің өсуіне мүмкіндік алады». Ойын нәтижесі туралы «1:0 есебіне келісемін. Біз үшін өз алаңымызда гол жібермеу маңызды. Өз алаңымыздағы матчтың нәтижесі біз үшін маңызды болады. Мықты қарсыласқа жолыққандықтан, қонақтағы ойын өз алаңымыздағы ойыннан қиын болады». Өз командасы туралы «Мен өз командама сенемін. Соңғы кездесуден басқа ойындарда жақсы ойнап жүрміз. Менің командама деген сенімім зор. Бұл раунд 180 минутқа созылады және күрсеті қарсыласпен бірге бірдей мүмкіндіктермен бастаймыз». Ішкі біріншілік ойындарының мерзімін ауыстыру туралы («Шахтер» мен «Ордабасы» клубтарымен кездесулер туралы) «Біріншілікте ойындардың мерзімін ауыстыру үшін қарсыластардың келісімін алу керек. Біз ауыстыруға тырыстық, бірақ «жоқ» деген жауап алдық».
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×