Карлос Алос: Маған орнымнан кету жайлы бір ғана адам айта алады
18.09.2018, 02:07
Алматының «Қайрат» командасының бас бапкері Карлос Алос «Ақжайықпен» өткеннен кейін баспасөз мәжілісінде тілшілердің сауалына жауап берді. Испаниялық бапкердің айтуынша, өзінің қызмет кетуіне бір ғана адам ықпал ете алады.– «Қайраттың» түсініксіз ойынын немен байланыстырасыз?
– Шынын айту керек, біз бүгін өте нашар ойнадық. Мен жауапкершілікті өз мойныма аламын.Ұлттық құрамалардың ойнынан кейін жұмысқа кірісіп кету қиын. Бірақ ақталуға себеп емес. Әрине, чемпионатты ұтқысы келетін команда бүгінгідей ойнамау керектігін жақсы түсінемін.
Маған команда өзіне тым сенімді болған сияқты көрінеді. Бәрібір де ұтамыз ғой деп, алғашқы минуттан босандық танытты. Олай отпен ойнауға болмайды, өзің өртеніп кетуің мүмкін.
Осының алдында айтқандай, барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын. «Қайратта» жұмыс істеген алғашқы күнннен бері алғаш рет қатты ашуландым. Ұлттық құрамалардың ойнынан кейін жинақталу өте қиын. Бұл ақталу емес, бірақ шындығы солай.
– Мынандай ойынмен «Қайрат» тағы да басты трофейден айырылады ғой..
– Мен сізбен келісемін. Алайда әлі 9 ойын бар. Біздің позиция осы ойынның алдында қалай болды солай болып әлі тұр. Өзгерген жоқ. Турнир кестесің қарасаңыз түсінесіз. Басты қарсыласымыз да өз алаңында тең түсті. Олардың да бірнеше ойыншысы құрамаларына барып келді.Чемпионаттың тағдыры осымен шешілді деп санамаймын.Футболда әрдайым жеңіске жете беру мүмкін емес. Менде Қазақстан чемпионатында топ жарамыз деген сенімділік бар. Бұл менің реалистік пікірім. Соңына дейін күресіміз, маған сеніңіз.
– Жанкүйерлер «Қайраттың» ойнына көңілі толмайды. Сіздің отставка кетуіңізді қалайды. Орныңызды босатуға дайынсыз ба?
– Жоқ мен кетпеймін. Бұған 100 немесе 1000 процент сенімдімін. Барлық матчты бірдей ұтатын ондай абсолютті бапкер жоқ.
Біздің чемпионаттың орнынан түсіп қалуы қалыпты құбылысқа айналып кеткен. Чемпионаттың алдында жаттықтырушылардың жалпы жиналысы өтті. Сол кезде қатысқан бапкерлерден тек екі-үшеуі қалды. Көптеген командалар бас бапкерін ауыстырды. Бұл ақылға қонымсыз. Бірақ Қазақстан біріншілігі – осындай. Командасы жеңілген бапкерге есіктің қайда екені көрсетіледі. Мен бұған құрметпен қараймын. Маған орнымнан кету жайлы бір ғана адам айта алады, ол – клубтың президенті. Сондықтан біз бапкерлер штабы күн-түн демей, жұмыс істеп жатырмыз. Осыған дейін 36 матч өткіздік, соның 30-ында жеңіске жеттім. Не үшін кетуім керек? Соңына дейін жұмыс істеу қажет.