
Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Камо Оганесян "Қайрат" сапын толықтырды. 27 жастағы футболшы мен Алматы ұжымы арасындағы келісім-шарт 2 жылға жарамды.
Айта кетейік, Камо 2 жыл бойы Талдықорғанның "Жетісу" командасының намысын қорғаған еді. Жалпы "Жетісу" жейдесінде 58 ойын өткізіп, 6 гол салған және 7 нәтижелі пас берген. Ал Армения құрамасы сапында 2012 жылдан бастап өнер көрсетеді. Ұлттық құрамада 50-ден астам матч өткізген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET