28 жастағы "Қайраттың" қорғаушысы және Армения құрамасының капитаны Камо Оганесян мансабын Еуропаның үздік чемпионаттарының бірінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Бұл туралы әйгілі армениялық фотограф Грач Хачатрян өзінің Twitter парақшасында хабарлады. Ол "Астана" қорғаушысы Вараздат Ароянның да испаниялық "Кадиске" ауысатыны туралы алғашқылардың бірі болып хабарлаған еді.
Камо Оганесянның алматылық "Қайратпен" келісім-шарты 2021 жылдың желтоқсанына дейін жарамды. Премьер-лиганың ағымдағы маусымында армениялық футболшы 13 кездесу өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET