Қазақстандық қорғаушы Жалғас Жақсылқов «Қайсардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынан келіп қосылды. 23 жасар футболшы былтыр Бірінші лигада топ жарған Көкшетаудың «Оқжетпесінде» ойнаған.
Жақсылықов кезінде Қазақстан жастар құрамасында ойнаған талантты аяқдопшылардың бірі. «Дала қасқырлары» орталық қорғаушы позициясына бірнеше кандидатты қаралымнан өткізіп жатыр. Алдағы жолдастық кездесулерде олардың ойын мәнерін көріп, біліктілігін бағамдамақ. Сондықтан, Жалғас Жақсылықовқа оқу-жаттығу жиынында өзін жақсы жағынан көрсетіп, бапкерлерге шеберлігін дәлелдеуі керек. Және де оның «Қайсар» сапындағы Айбар Жақсылықовпен ешқандай туыстық қатысы жоқ. Ал күні ертең Виктор Кумыков шәкірттері Түркіменстан чемпионы «Аркадагпен» кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET