«Қайсардың» ізімен. «Оқжетпес» те отандық ойыншыларға үміт артпақ

12.02.2025, 11:11

«Оқжетпес» клубы директорының міндетін уақытша атқарушы Мұрат Тлешев көкшетаулық команданың ҚПЛ-дегі мақсат-міндеттері туралы айтты.

«Қайсардың» ізімен. «Оқжетпес» те отандық ойыншыларға үміт артпақ

Естеріңізде болса, премьер-лигаға шыққан ұжымның басшылығында біраз ауыс-түйіс болған еді. «Оқжетпеске» Мұрат Тлешевтен бөлек, спорт директоры болып тағы танымал маман Азамат Ниязымбетов тағайындалған еді.  

«Біздің мақсат – Қазақстан біріншілігінде абыройлы өнер көрсетіп, сапалы резерв пен балалар футболын дамыту. Қазіргі негізгі мәселе команданың негізгі құрамын жасақтау. Дәл қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының футболшыларымен белсенді келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Аслан Дарабаев пен Тимур Досмағамбетовпен біраз келісіп қалдық. Олар Қазақстанда біраз жүлдені олжалаған, халықаралық тәжірибесі бар футболшылар. Селекциялық жұмыстар мұнымен аяқталмайды. Біздің амбицияға толы жобамызға әлі де тағы басқа да сапалы ойыншылар қосылады деп сенемін. Көпшілікке мәлім, осы маусымнан бастап шетелдік ойыншыларды тек жергілікті бюджеттен қаржыландырмаған жағдайда ғана шақыруға рұқса етіледі», - деді отандық маман.

Айта кетейік, «Оқжетпес» былтыр Бірінші лигада топ жарып, жоғары дивизионға көтерілген болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×