Қайсар алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанды

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы бүгін Түркияға аттанды. Сырдың бас командасы Анадолы елінде тыңғылықты дайындық жүргізетін болады. Алғашқы оқу-жаттығу жиынында 30-ға жуық футболшы қаралымнан өтеді деген жоспар бар.

Қайсар алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанды
фото ашық дерек көзден алынды

Клуб басшылығы жергілікті жас аяқдопшыларға мол мүмкіндік беріп, биыл үлкен сенім артып отыр. Оған дәлел, Қызылорда футбол мектебінен шыққан 13 футболшы бас командамен бірге Түркияға аттанды. Олардың қатарында былтыр Бірінші және Екінші лигада жақсы қырынан көрінген жас аяқдопшылар бар. Виктор Кумыков шәкірттері Анадолы еліндегі алғашқы оқу-жаттығу жиынында 4 жолдастық кездесу өткізеді. Жоспар бойынша 14 қаңтарда «дала қасқылары» Польшаның “Погонь Щецин”, 18 қаңтарда Түркіменстан чемпионы “Аркадагпен”, 22 қаңтарда Черногорияның “Будучность” және 27 қаңтарда Словакияның “Земплин” командаларымен шеберлік байқасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

КПЛ Қайсар ФК
×