Қайрат Нұрдәулетов: Премьер-лига командаларының деңгейі былтырғыдан біраз төмендеп кеткен...

Бүгін, 13:53

Қазақстандық белгілі бапкер Қайрат Нұрдәулетов легионерлердің қаржыландырылуына қатысты заңнамаға қатысты өзінің пікірін білдірді.

Қайрат Нұрдәулетов: Премьер-лига командаларының деңгейі былтырғыдан біраз төмендеп кеткен...
Қайрат Нұрдәулетов

«Ертістің» бас бапкерінің пікірінше, шетелдік футболшыларға байланысты заңнаманы қабылдауда асығыстық жіберуге болмайды.

«Мысал үшін, жаңа маусымда Премьер-лига командаларының деңгейі былтырғыдан біраз төмендеген. Бұл белгілі деңгейде футболдың сапасына да әсер етеді. Қазақстанда қазір болашағы зор жастар өсіп келеді. Солардың жанында сапалы легионерлер өнер көрсетіп, дамуына үлестерін қосуы тиіс. Қазір қазақстандық футбол шұғыл өзгерістерге дайын емес. Шорт кеспей мынадай баламаларды да қолданып көруге болатын еді: мысалы, алаңдағы легионерлер санын 6-7-ге қысқартып, қалғанын жергілікті ойыншылармен толтырып дегендей. Осы арқылы біздің клубтар қазақстандық футболшылар жаба алмаған кей позицияларына шетелден сапалы ойыншыларды әкеле алатын еді. Меніңше, кеңесіп пішкен тон келте болмайды және осындай маңызды шешімдерді спорттың бірнеше түрінің өкілдерімен бірге отырып қабылдаған жөн. Себебі, бұл тек отандық футболдың дамуына ғана емес, сондай-ақ оның халықаралық бет-бейнесіне де ықпал етпек», - деді Қ. Нұрдәулетов.

Естеріңізге сала кетейік, алдағы уақытта ҚПЛ клубтарына шетелдік ойыншылардың жалақысын жергілікті бюджеттен төлеуге тиым салатын заң қарастырылмақ. Жаңа заңнама өзінің күшіне толық енген жоқ. Ол Парламент пен Сенат қаралымынан өтіп, мемлекет басшысының құптауынан кейін барып іске аспақ.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×