Қайрат Нұрдәулетов - Қазақстан құрамасының бас бапкері болуы мүмкін

19.12.2024, 10:40

Бұл жорамалымызға «Жетісу» бас бапкерінің орнынан кетуі себеп болуда.

Қайрат Нұрдәулетов - Қазақстан құрамасының бас бапкері болуы мүмкін
Қайрат Нұрдәулетов

Нұрдәулетовтің Талдықорғанмен қош айтысатыны, оның орнын Самат Смақовтың басатыны әлдеқашан-ақ белгілі еді. Алайда, Қайрат Жұмабекұлының дәл қазір – ҚФФ президентінің сайлауының қарсаңында жұмыссыз қалғаны қосымша ойға жетелейді. «Жетісулық» жаттықтырушыға осыған дейін де ұлттық команданың тізгінін «ұстатып» қойғандар болатын. Енді мұндай сыбыстардың қайтадан айтылатынын даусыз.   

Сондай-ақ, бұған KazFootball.kz-тің ҚФФ президенті мен Станислав Черчесов жайлы материалы да түрткі болып отыр. Порталдың мәліметінше, ертең Қазақстан футбол федерациясының тізгінін ұстайтын адам бірден бас бапкерді ауыстырмақ, себебі, оған осындай талап қойылса керек. Ал ұлттық команданың бас бапкерлігіне үміткерді таңдаудағы басымдық отандық мамандарға беріледі деген ақпарат бар. Ал енді мұндай принципті ұстанатындары рас болса, онда әрине, үміткерлер қатарында Қайрат Нұрдәулетовтің болуы заңдылық.

 Айта кетейік, Станислав Черчесовпен келісімшартты ҚФФ-ның экс-президенті Әділет Бәрменқұлов 2024 жылдың маусымында екі жылға жасасқан болатын. Егер де осы келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылған болса, құзырлы орған Черчесовке 1 млн еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×