Қайрат Боранбаев: тығыз байланыстамыз, Артемді күтеміз

Бүгін, 10:36

«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ресейлік «Акрон» командасының шабуылшысы Артем Дзюбаның трансферіне байланысты пікірін айтты.

Қайрат Боранбаев: тығыз байланыстамыз, Артемді күтеміз
Артем Дзюба

Естеріңізге салсақ, ресейлік футболшы «Қайратқа» ауысуы мүмкін деген сыбыс бар.   

«Мен Дзюбаның өзімен жеке сөйлестім, тікелей байланыстамын. Бұрыннан таныспыз. Қазір Артем Александр Кержаковтың рекордын жаңартуды көздейді. Енді ары қарай ақылдасамыз. Тығыз байланыстамыз, Артемді күтеміз», - деді Қ. Боранбаев.

Артем Дзюба мансабында ресейлік "Локомотив", "Спартак", "Томь", "Ростов", "Зенит", "Арсенал" және түркиялық "Адана Демирспор" сапында өнер көрсеткен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×