Қайрат Боранбаев: Дастанның оқиғасы ел көлеміндегі мыңдаған өреннің өзін дамытуға түрткі болады деп сенемін. Дастан Сәтпаевтың трансфері ресми түрде жарияланды

10.02.2025, 16:03

«Қайрат» футбол академиясының түлегі, Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық «Челсиге» ресми түрде ауысты.

Қайрат Боранбаев: Дастанның оқиғасы ел көлеміндегі мыңдаған өреннің өзін дамытуға түрткі болады деп сенемін. Дастан Сәтпаевтың трансфері ресми түрде жарияланды
Дастан Сәтпаев

Бұл туралы «Қайрат» клубының басшысы Қайрат Боранбаев өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеген болатын.

«Дастан Сәтпаев лондондық «Челси» командасының ойыншысы атанды. Қазақстандық футболшының Еуропа чемпионаттарының топ-5 клубтарына ауысуы – алғаш рет және отандық футбол тарихындағы ең маңызды трансфер.

Бұл трансфер біздің дұрыс бағытта екеніміздің белгісі. Қазақстандық футболшылар ең жоғары деңгейдегі бәсекелестікке төтеп бере алады әрі бұл жайт бізді қуантпай қоймайды. Дастанның оқиғасы ел көлеміндегі мыңдаған өреннің өзін дамытуға түрткі болады деп сенемін. Бастысы өзіңнің арманыңа сену, өзіңмен жұмыс істеп, алға ұмтылу», - деп жазды Қ. Боранбаев өзінің Instagram-парақшасында.

 Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысатыны туралы сыбыс қаңтар айында шыққан болатын. Артынша бұл ақпаратты белгілі инсайдер Фбарицио Романо да растаған. Дегенмен, «Челси» өкілдері трансферді әлі ресми жарияламаса да, алматылық клуб басшысы осындай мәлімдеме жасады.

Дастанның жетістіктері:

  • QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас
  • QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы
  • Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан
  • УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол, 1 нәтижелі пас

2024 жылғы мамырда 15 жасында Сәтпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

 Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бапкерлік құрамы жас футболшының мансабын жіті қадағалауда ұстамақ. Бұл туралы жуырдағы баспасөз-мәслихатында Әли Әлиев айтқан болатын. Бас бапкер «Челси» футболшысын Қазақстан жастар құрамасында шыңдап, болашақта басты командаға тарту жоспары барын тілге тиек еткен.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×