Кездесу соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе жеңістің оңайлықпен келмегенін атап өтті.
- Біз үшін бұл кездесу өте жауапты әрі қиын ойын болды. Бұған дейінгі ойламаған жерден жеңіліс тапқанымыз жеңіске деген құлшынысымызды арттырып,шәкірттеріме аса зор жауапкершілік жүктеді. Еуропа лигасында сәтті өнер көрсетіп жатқан «Ертіс» жан-жақты шабуылдаушы бағытты таңдап алды. Біз оған қарсы қорғанып өткір шабуылға ұмтылдық. Мынадай алаңда тіпті шеберлік көрсетудің өзі қиын. Солай болсада жігіттер қайсарлық танытты. Нәтижесі біз ойлағандай болып шықты. Жанкүйерлерімді жеңісімен құттықтап, алдағы «Қайрат» командасымен болатын ойында осындай көрімтал, тамаша ойын көрсетеміз деп ойлаймын. Бізге керегі тек жеңіс!
fcordabasy.kz