«Ювентус» - «ПСВ» кездесуіне болжам

11.02.2025, 17:11

Туриндік команда үшін маңызды матч.

«Ювентус» - «ПСВ» кездесуіне болжам
"Ювентус" - "ПСВ" кездесуі

Бүгін ЧЛ 1/16 финалдық кезеңінде өз алаңында «ПСВ» ны ұта алмаса Тьяго Моттаның басына қара бұлт үйірілуі мүмкін. Маусымның басындағы алғашқы екі тур жақсы-ақ басталған – «бьянконери» бірінші турда осы «ПСВ»ны, одан кейін «Лейпцигты» ұтқан соң, туриндік жанкүйер қалпағын аспанға атып, бәйгенә шаппай аламыз десті. Алайда, ары қарай жағдай шиеленісе берген - Тьяго Мотта әупірімдеп жүріп 20-орынмен бірге тоғыспалы ойындарда бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. «Ювентустың» А Сериясындағы жағдайы да мәз емес – тек бесінші орында. Скудеттодан қазірдің өзінде күдер үзген туриндік команда енді ЧЛ-ға барын салмақ.

«ПСВ» бүгінгі қарсыласына қарағанда негізгі кезеңді сәтсіздеу бастады. Алғашқы турда тек үш ұпай қанжығалай алған Петер Бостың шәкірттері қалған төрт турда қарсыластарының барлығын қоғадай жапырды десе жарасады, арасында «Ливерпуль» де бар. Соңғы турда «Бресттен» ойламаған жерден есе жібергендері болмаса, жалпы, ЧЛ компаниясының негізгі кезеңін табысты нотада аяқтады деуге болады – 14 –орын.

Эредивизиді де қарқынды бастаған команда соңғы турларда ғана сәл ақсап қалды, нәтижесінде «Аякс»-ті бірінші орынға шығарып алды. Бірақ, амстердамдықтар тек қосымша көрсеткіштер бойынша ғана алдыда тұр.

Қос команданың да қорғанысы осал. Мәселен, алаң иелері соңғы төрт матчта сан соғып қалса, «ПСВ» соңғы тоғыз бәсекенің сегізінде өз қақпасына гол жіберген екен. Сондай-ақ, «Ювентус» та нидерландылық ұжымның да шабуылдағы әлеуеті белгілі. Сондықтан, бүгінгі кездесуде екі команда да гол салады деген нұсқа ойнап кететіндей көрінеді. «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі бұған 1.85 коэфициент ұсынуда.      

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×