Италия А Сериясының командасы Сеск Фабрегаспен келісімге келді

"Комоны”  Италияның жоғары біріншілігіне алып шыққан Сеск Фабрегас толыққанды келісімшартқа отырды.

Италия А Сериясының командасы Сеск Фабрегаспен келісімге келді

Фабрегас “Комода” футболшы болып мансабын аяқтағаннан кейін, бірден бапкерлік салаға бет бұрды. Бастапқыда Сеск балалар командасын жаттықтырды. Уақыт өте маман негізгі ұжымды ойындарға дайындады. 

Бапкерлік лицензиясы болмаған Фабрегас Комода бапкердің көмекшісі деген қызметті атқара алған еді. Сол себептен ол толыққанды келісімшартқа қол жеткізбеді. 

Енді бапкерде бұндай кедергі жоқ. Оның лицензиясы өз атына тіркелді. Сондықтанда Италия А Сериясының жаңа маусымында Сеск “Комо” клубының бас бапкері ретінде бой көрсетеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×