Испания клубтарының капитандары Ла Лига кездесулерінің АҚШ-та өткізілуіне қарсы
22.08.2018, 23:20
Испания Примерасы командаларының капитандары бүгін Испания футболшылар қауымдастығының кеңсесінде жиналып, Ла Лига басшылығының кей матчтарды АҚШ-та өткізу туралы жоспарына қарсы шығуды жоспарлауда.
Бұл туралы арнайы құжат дайындалып, Ла Лигада ойнайтын барлық 20 команданың өкілдері оған қол қояды-мыс.
Бұған дейін Ла Лиганың басшылығы Relevant спорттық медиатобымен 15 жылдық келісім-шартқа отырған болатын. Келісім бойынша Испания чемпионатының кем дегенде бір матчы АҚШ-та өтуі қажет.