Исламбек Қуат «Жеңіс» жейдесін киеді

13.02.2025, 16:51

Бізге жеткен инсайдқа сәйкес, Исламбек Қуат елордалық клубпен келіссөздер жүргізуде.

Исламбек Қуат «Жеңіс» жейдесін киеді
Исламбек Қуат

32-жастағы жартылай қорғаушы мен «Жеңіс» біраз келіссөздерден кейін ортақ мәмілеге келгенге ұқсайды. Енді Қазақстан құрамасының ардагері алдағы уақытта «Жеңістің» сапын толықтырмақ. Біздеге ақпаратқа сәйкес, ойыншы жаңа клубының қатарына Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиындарының барысында қосылмақшы.

Исламбек Қуат өткен маусымда «Астана» клубының намысын қорғап, 19 кездесуде өнер көрсетіп, 1 доптың авторы атанды. Жалпы, Қазақстан премьер-лигаларында 222 матчта бақ сынап, 8 рет мергендік танытқан еді. Бұдан бөлек, Қазақстан ұлттық құрамасының жейдесінде 64 ойында алаңнан бой көрсетіп, 6 гол салған.

Жартылай қорғаушының мансабында «Астанадан» басқа тағы отандық «Қайрат», ресейлік «Химки» және «Оренбург» клубтары болды. Футболшының нарықтық құны 400 мың еуро.    

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×