Ислам Чесноков: «Хартстан» ұсыныстың келіп түскені рас, тек клубтар мәмілеге келе алған жоқ

18.02.2025, 10:47

Ислам Чесноков өзінің болашағына байланысты біраз сауалға жауап берді.

Ислам Чесноков: «Хартстан» ұсыныстың келіп түскені рас, тек клубтар мәмілеге келе алған жоқ
Ислам Чесноков

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы сондай-ақ, шотландиялық «Хартс» командасының тарапынан болған ұсыныс туралы әңгімеге де «нүкте» қойды дейді Sports.kz. 

«Иә, «Тобылдан» кетуге жақын болдым және «Хартстан» ұсыныстың келіп түскені де рас, тек клубтар мәмілеге келе алған жоқ. Әзірше келе алған жоқ», - деді Қазақстан құрамасының футболшысы. 

Айта кетейік, Ислам Чесноковқа осыған дейін де бірқатар ұсыныс түскен болатын. Атап айтсақ, «Тобылдың» өкілін өзінің қатарынан словакияның «ДАК 1904» командасы да көргісі келген, алайда, трансфер жүзеге аспады. 

Ислам Чесноков өткен маусымда ҚПЛ де қостанайлық клуб сапында 21 матчта өнер көрсетіп, 10 гол соққан. Ал ұлттық команда қатарындағы 10 ойында 2 рет мергендік танытты. Футболшының нарықтық бағасы 800 мың еуро.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×