Ирактағы - Криштиану Роналду...

16.04.2019, 02:49
Ирактағы - Криштиану Роналду...
Мәссаған! Құдды Роналдудың өзі ме деп қаласың?! Солтүстік Ирактың тұрғыны Абдулла Биварды аймақ тұрғындарына ғана емес, бүкіл әлемдік футбол жанкүйерлеріне танылып келеді. Себебі, 25 жастағы әуесқой футболшының түрі Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналдудан аумайды. Бір қызығы, атақты сұрмергеннің сыңары кәсіби клубтарда емес құрылыс саласында жұмыс істейді. Абдулла БИВАР –Криштиану Роналдудың сыңары:
  •   "Мен Соран қаласының тұрғынымын. Криштиану Роналдуға ұқсайтыным өмірімдегі ғажайып оқиға деп білемін. Көп адамдар атақты футболшыдан аумайтынымды айтады. Күндердің бір күні мен Роналдумен кездесемін. Спорт – осы мақсатқа жетуіме көмектеседі", -деп өзінің болашақтағы арманымен бөлісті.
Абдулла Соран шаһарындағы кедей отбасында дүниеге келді. Бұл қала Иран-Ирак шекарасынан 110 шақырым қашықтықта орналасқан. Бивардың әкесі бұрынғы әскери қызметкер. Абдулла жеті жасында қаржылық қиындықтарға байланысты мектепті тастап кетті. Бивар Роналдудан мың шақырымнан астам қашықта тұрады. Бірақ соған қарамастан өзінің пір тұтатын футболшысымен бір күні кездесетініне сенімді.

 Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×