"Интердің" бас бапкері: Модрич туралы армандауды жалғастырамын

06.08.2018, 00:32
"Интердің" бас бапкері: Модрич туралы армандауды жалғастырамын
Миландық "Интердің" бас бапкері Лучано Спаллетти Модричтің мүмкін болар трансфері туралы ойымен бөлісті. - Модрич? Жанкүйерлермен бірге арманымды жалғастыра беремін. Клуб нарықта тиянақты жұмыс жасай алатынын көрсетті. Әрине, мұндай деңгейдегі ойыншы бізге көп пайда әкеледі. Трансферлік кезеңнің аяғына дейін біраз уақыт бар. Егер соңғы сәтте біреуді қатарымызға қоса алсақ, жақсы болар еді, - деген мәлімдемесін Sky Italia таратты. Естеріңізге сала кетейік, соңғы кездері еуропалық БАҚ-ы Модричтің "Интер" сапына ауысуы туралы белсенді түрде айтып жүр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×