«Интер» Контені жұмысынан босататын болса, оған 150 млн еуро төлейді

13.07.2020, 16:31
Қалай ойнатса да «Интер» Контені жұмысынан босата алмайды.
«Интер» Контені жұмысынан босататын болса, оған 150 млн еуро төлейді

«Интер» клубының бас бапкері Антонио Контемен келісімшарт шарттары белгілі болды, деп хабарлайды Corriere dello Sport басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, қандай-да бір себептермен маман жұмыстан шығарылған жағдайда, Миландық клуб оған 150 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады, қазіргі кезде Конте А сериясындағы ең көп жалақы алатын бапкер болып табылады, оның жалақысы жылына 12 миллион еуро.

Контемен келісімшартты бұзу мұндай қымбат болғанымен, «Интер» бапкер ауыстырудың нұсқаларын қарастыруда, атап айтқанда Массимилиано Аллегри, Маурисио Почеттино және Унай Эмери.

Қазіргі уақытта «Интер» А сериясының кестесінде 65 ұпаймен төртінші орында. Жетекші «Ювентустан» алшақтық - 11 ұпайды құрайды. Сондай-ақ, «Интердің» резервте ойналмаған бір матчы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×