![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/07/зенькович.jpg)
Қызылорданың "Қайсар" ФК белорус шабуылшысы Игорь Зенковичті қатарына қосты.
Шабуылшы маусымды "Атырау" ФК-ның құрамында бастаған. Қазақстанда 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан ойыншы еліміздің "Ақжайық", "Шахтер", "Тобыл", "Тараз", "Ақтөбе" және "Атырау" клубтарында өнер көрсеткен.
"Қайсар" ФК-ның ресми сайтының мәлімдемесінде ойыншының клубпен келісімінің мерзімі көрсетілмеген.