Игита: «Словения және Черногориямен өтетін ойындарда босаңсуға болмайды»

08.07.2022, 20:00
Кака шәкірттері Словениямен өткен жылы Еуропа чемпионатында жолыққан еді.
Игита: «Словения және Черногориямен өтетін ойындарда босаңсуға болмайды»

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Игита ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу турнирінің жеребесі туралы әңгімелеп берді.

«Өте қиын топқа түстік. Словения әрқашан мықты құрама саналды. 2016 жылғы және 2021 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарында байқадық. Кейін Нидерланд елінде өткен Еуропа чемпионатында жолықтық.

Олардан ешқашан ұтылған жоқпыз, алайда барлық ойында жеңіске жетпедік. Бір рет ұтып, екі ойында тең түстік. Өте ыңғайсыз қарсылас, мұқият болу қажет. Жаңа ойыншылар келіп жатқанын да ескерген абзал.

Черногориямен бұрын-соңды кездескен жоқпыз. Олардың ойыны Сербия мен Боснияға жақын. Бұл елде де жақсы ойыншылар бар. Қарсыластың ойынын көрмеген соң нақты ештеңе айта алмаймын. Қателік жібермеу керек. Мұндай қарсыластардан тосынсый күтуге болады. Әр ойынға тыңғылықты дайындық жүргізетін уақыт болады», – дейді Игита.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×