Йерро Испания құрамасынан кетті

08.07.2018, 22:22
Йерро Испания құрамасынан кетті
 Фернандо Йерро Испания ұлттық құрамасындағы қызметтерінің барлығынан бас тартты. Испанияның Корольдік футбол федерациясының (RFEF) хабарлауынша, Йерро Испания құрамасының спорттық директоры лауазымымен бірге құраманың бас бапкері міндетін атқарушы қызметінен де кетіпті. Йерро Футбол федерациясында 2007-2011 жылдар аралығында және 2017 жылдың қарашасынан бері қызмет еткен. Бас жаттықтырушылық қызметке ӘЧ-2018-дің қарсаңында Хулен Лопетегидің орнына уақытша келген еді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×