Ибрагимович: «Келесі жолы пенальти орындауға бармаймын»

09.11.2020, 14:30
Златан кешегі матчта пенальтиден гол соға алмаған еді.
Ибрагимович: «Келесі жолы пенальти орындауға бармаймын»

"Миланның" 39 жастағы шабуылшысы Златан Ибрагимович Италия чемпионатының 7-ші турындағы "Веронамен" болған матч туралы пікірімен бөлісті (2:2), шабуылшы кездесу барысында пенальтиден гол соға алмады, бірақ матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда командасын жеңілістен құтқарды.

"Әрине, мен ашулымын, өйткені бүгінгі тең ойын "Милан" үшін жеткілікті нәтиже емес. Біздің мүмкіндіктеріміз көп болды, мен пенальтиден гол соға алмадым және келесі 11 метрлік айып добын орындауға бармаймын, Тебу мүмкіндігін Кессиге беремін. Кеше де солай істеуім керек еді...

"Милан" үшін қазір ең бастысы - алға ұмтылу және сенімді жоғалтпау. Турнир кестесіндегі қазіргі жағдайды ескере отырып, біз әр ойында жеңіске жеткіміз келеді.

Қазір матчтар көп, ал шаршаған кезде әрқашан 100% дайын болмайсыз. Бақытымызға орай, алдымызда халықаралық үзіліс бар, өйткені маған демалыс қатты қажет. Мен қақпа алдында дұрыс шешім қабылдауды ұмытып қалған секілдімін. Тіпті өзімді ол жерде жоқ адамдай сезіндім.

Біз алға қойған мақсатымызға жету үшін ойнауымыз керек, алаңға шығып, қуана алмаймыз. Мен бұлай жасай алмаймын, бұл менің философияма тән емес", - деді Ибрагимович Football Italia басылымына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×