Яннис Масурас “Астана” ойыншысы атанды

Яннис Масурас “Астана” ойыншысы атанды

 

Елордалық “Астана” ФК 27 жастағы грек қорғаушысы Яннис Масураспен келісімге келгенін хабарлады, деп жазады Аладоп.кз.

Яннис мансабын өзінің отаны Грецияда бастады. Қорғаушы “Олимпиакос”, сондай-ақ нидерландтық “Спартада” және польшалық “Горник” клубтарында өнер көрсетті. 

27 жастағы ойыншының елордалық клубтағы келісімшарты екі жылға дейін жарамды.

Трансфермаркет оң қаптал қорғаушысын 400 мың еуроға бағалайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×