Хорватия президенті: маған қарапайым жанкүйер болған ұнайды.

08.07.2018, 01:34
Хорватия президенті: маған қарапайым жанкүйер болған ұнайды.
Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович VIP-мінберден футбол көруді ұнатпайтындығын айтты. - Маған қарапайым жанкүйер болған ұнайды, мен жан-тәніммен жанкүйерлік еткендіктен, VIP-мінбердегідей отыра алмаймын. Бүгін мен Ресейге қарсы ойында Хорватия құрамасының жейдесін киюге мүмкіндік аламын. Соңғы ойында матчтың әр сәтінен ләззат ала алдым, - дегенін RT хабарлады. - Мен Ресейдің Испаниямен ойынын фан-зонада көріп, алаң иелерінің жеңісіне қуанған болатынмын. Меніңше, Ресейде тамаша ұжым қалыптасқан және мен оларға сәттілік тілеймін. Алайда, бүгін мықты жеңіске жетеді және ол Хорватия болады, - деп ойынға өз болжамын да берді. Осыған дейін Хорватия президентінің ӘЧ-2018-дің ширек финалының Ресей-Хорватия ойынына жанкүйерлік етуге келгенін хабарлаған болатынбыз.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×