Хендерсон журналистердің нұсқасы бойынша АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

25.07.2020, 15:22
Джорданның айтуынша, ол бұл жетістікке командаластарынсыз жетпейтін еді.
Хендерсон журналистердің нұсқасы бойынша АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

Футбол журналистері ұйымы (FWA) "Ливерпульдің" капитаны Джордан Хендерсонды Ағылшын Премьер лигасының 2019/20 жылғы маусымының үздік ойыншысы деп тағайындады.

"Маған дауыс берген адамдардың барлығына үлкен алғысымды білдіремін. Алдыңғы жылдары осы атаққа қол жеткізгендерге зер салатын болсақ, олар Стивен Джеррард, Луис Суарес, Мо Салах. Маған осы аталған футболшылардың барлығымен бірге ойнау бақыты бұйырған. Және осы тізімге өзімнің де қосылуым мен үшін баға жетпес құрмет. Дегенмен бұл жетістікке тек өзімнің жетпегенім түсінікті, бұл бүкіл команданың арқасы. Біз қазіргі үлкен жеңістердің барлығына лайықты түрде жеттік, себебі, матчтарда да, сондай-ақ, жаттығулар кезінде де аянбай тер төктік", - деді 30 жастағы ағылшындық ойыншы.

Айта кететін жайт, Хендерсон бұл жүлдеге қол жеткізу жолында Кевин Де Брюйне мен Маркус Рэшфордты артта қалдырған. Және журналистер "мерсисайдтықтар" сапынан тағы Вирджил ван Дейк пен Садио Манеге де белсенді түрде дауыс берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×